-A A +A

Зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлімі

Байгужина Манара Маратовна – зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімнің басшысы. Білімі – жоғары заңгерлік.  Әділет органдарында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. 2005 жылдың қазанынан бөлім басшысы.

 

Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Констититуциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.   

Бөлімнің негізгі функциялары болып табылады:

  • зияткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру;
  • Өнеркәсіп меншігінің нысандары, аралас құқық нысандары мен туындыларды қорғауды қамтамасыз ету (өнертабыс, пайдалы үлгілер, өнеркәсіп үлгілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауардың шығу орнының атауы, селекциялық жетістіктер, интегралды микро сызбалардың топологиясы;
  • интегралды микро сызбалар топологиясын, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіп меншігін, авторлық құқық нысандарын қорғау саласында ақпараттық-баспа қызметін ұйымдастыру;
  • авторлық және аралас құқықтарды қорғау саласында халықаралық келісімдердің орындалуын және шығармаларды қолданушылардың авторлық және аралас құқық нормаларын сақтауымен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
  • ұжымдық негізде мүлік құқығын басқаратын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
  • авторлық және аралас құқық мәселелері бойынша ұйымдар мен азаматтарға кеңес береді;
  • авторлық құқықты қорғау, атын және абыройын қорғау құқығы, сонымен қатар заңмен бекітілген жағдайларда автор қайтыс болғаннан кейін оның жеке мүліктік емес құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;
  • авторлық және аралас құқық нысандарын қолдану фактілері туралы лауазымды тұлғалар мен азаматтардан, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан ақпараттарды, сонымен қатар ұжымдық негізде мүлік құқығын басқаратын ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
  • сараптамалық қорытынды беруге, аудио-аудиобейне контрафактілі өнімдерді анықтау бойынша сараптамалық зерттеу жүргізуге;
  • зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жарнамалық және ақпараттық материалдар, әдістемелік құралдар, бюллетендер, кітаптар шығаруға.