-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімі

Акимова Гульмира Муталлаевна – Ақмола облысы әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы. Білімі – жоғары заңгерлік. Әділет органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. 2004 жылдың қазанынан – заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы.  

Бөлім Ақмола облысының аумағындағы заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуде, қайта тіркеуді, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді тіркеуді, жойылауын және тағы басқаларын жүзеге асырады, сонымен қатар заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы ақпаратты ұсынады және өтініштерді қарастырады.

Қазіргі уақытта  әділет органдарымен заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін беру бойынша  белсенді жұмыс жүргізілуде. Жұмыс 2007 жылдың тамызынан басталған, бүгінгі таңда облыс бойынша БСН бойынша статистикалық мәліметтер төмендегідей болды:  10 988 заңды тұлғаның 6 404-не (58%) 1 718 филиалдар мен өкілдіктердің – 673-не (39%)  БСН берілген.  

БСН-ді беру мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін шектелген аталған мерзім аяқталғаннан кейін заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құжаттары БСН-сіз жарамсыз деп танылады!

Мәлімет үшін: БСН – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде оның тіркеу нөмірінде көрсетілетін 12 белгіден тұратын бірегей нөмір.