-A A +A

Ақмола облысының әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2015 жылғы 30 қыркүйекте Ақмола облысының әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы іс-шараға әділет департаментінің қызметкерлері, әділет органдарының ардагерлері мен әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Әділет департаментінің басшысы А.И.Дермановский құттықтау сөз айтты. Өз сөзінде басшы барлығын Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтап, ардагерлерге әділет органдарының дамуына үлес қосқандары үшін алғыс айтып, Әділет департаменті мен әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне еңбек жолында табыс, елімізге өркендеу тіледі.

Осы іс-шара барысында әділет департаменті мен басқармаларының қызметкерлері ведомствалық медальдар, мадақтамалар және алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар осы іс-шара барысында Департамент пен  әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында өткен шағын футбол, волейбол мен гір көтеру бойынша спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орын алған командалар мақтау қағазымен марапатталды және оларға кубоктар табыс етілді.

         

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі