-A A +A

Сыбайлас жемқорлық және жалған кәсіпкерлікпен күрес мәселесі талданды

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан заңгерлерінің одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Анатолий Дермановскийдің төрағалығымен Қазақстан заңгерлерінің одағы Ақмола облыстық филиалы кеңесінің отырысы өткізілді.

Жиналыс жұмысына облыстық филиал кеңесінің мүшелері, облыстық сот төрағасы Н.А.Әбдіқанов, мемлекеттік қызмет және сыбайлс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Н.А.Искаков және мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Е.О.Хасенов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Қ.А.Жапақов, сонымен қатар прокуратура органдарының және ұлттық қауіпсіздік, кәсіпкерлер палатасы, адвокаттар алқасы, ЖОО-ның ғалым-заңгерлері қатысты.  

Кеңес отырысында Сыбайлас жемқорлықпен күрес және жалған кәсіпкерлікті сот тергеуіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары және құқықбұзушылықтары, әлеуметтік зерттеулер, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы азаматтардың өтініштерінің статистикасы әлі де болса азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде сыбайлас жемқорлықтың қаупі сақталып келе жатқанын көрсетеді.  

Заңсыз кәсіпкерлік субъектілерінің санының көбеюі мемлекет үшін үлкен мәселе туғызатыны анық.  .

Сондықтан мемлекет тиісті қатынастарды заңмен және заңмен бекітілген түрлі құқықтық-қылмыстық құралдармен тәртіпті реттеуге міндетті. Осымен қылмыстық заң үшін жалған кәсіпкерлікке жауапкершілік және заңды кәсіпкерлікті қорғаудың өзектілігі түсіндіріледі.   

Талдау қорытындысында барлық түскен ұсыныстарды қарастыру үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы бойынша Комитетінің төрағасы, Қазақстан заңгерлері Одағының төрағасы Р.Ж.Мұқашевтің қарауына жолдау туралы шешім қабылданды.

 

Қазақстан заңгерлері одағы

Ақмола облыстық филиалының

Баспасөз қызметі