-A A +A

Ақмола облысының әділет Департаментінде Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізілді

2015 жылдың 28 тамызында Ақмола облысының әділет департаментінде ҚР Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізілді.

Әділет департаментінің басшысы А.И.Дермановский құттықтау сөз сөйледі. А.И.Дермановский өз сөзінде Конституция күні мерекелей халықтың өз мемлекетіне шын жүрегімен берілгендігін және оның егеменді деп тануын білдіретінін, сонымен қатар Конституцияны қатаң сақтау қоғамдағы азаматтық келісім мен мемлекеттік озық дамуының негізі екендігін атап өтті.  

Аталған шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан аяқ басқан тұлғалардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.Ташенова, бөлім басшысы Н.Подгорная, Қорғалжын ауданы әділет басқармасының басшысы С.Саутова, Целиноград ауданы әділет басқармасының басшысы Г.Манинов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталды.

Бірқатар әділет департаментінің, аудандық және қалалық әділет басқармасының қызметкерлері Қазақстан заңгерлері одағының Ақмола облыстық филиалының және әділет департаментінің грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан заңгерлері одағының Ақмола облыстық филиалының хатшысы Б.Сұлтанов ҚР Конституциялық кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

Шара соңында әділет департаментінің басшысы барлық қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Ақмола облысы әділет

Департаментінің баспасөз қызметі