-A A +A

«Зиякерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелері» бойынша дөңгелек үстел.

 

     13 қараша күні Целиноград аудандық Әділет басқармасы және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

      Аталған шараның басты мақсаты – осы саладағы заңнама бойынша түсіндірме беру және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады .

      Дөңгелек үстел барысында әділет басқармасы қызметкерлері авторлық және сабақтас құқықтарының өзектілігі мен негізгі ерекшеліктеріне, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық актілерге түсіндірмелер берді.

      Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқықтары нысандарына қатысты, тауар белгісін тіркеу туралы мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар осы бағыттағы құқықтық түсіндіру  жұмыстарын одан әрі жандандыру қажет екендігі туралы атап өтті.

 

ЦЕЛИНОГРАД  АУДАНЫНЫҢ 

ӘДІЛЕТ  БАСҚАРМАСЫ