-A A +A

Жарқайың ауданы әкімдігінің кеңейтілген отырысында «Адвокаттық қызметі және заң көмегі туралы» Заң жобаларының негізгі ережелері талқыланды.

       2017 жылғы 23қазанында Жарқайың ауданы әкімдігінің кеңейтілген отырысында аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттарының, мемлекеттік органдарының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, бизнес қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен «Адвокаттық қызметі және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын талқылау өткізілді.

      Отырыс барысында Жарқайың ауданы әділет басқармасының басшысы «Адвокаттық қызметі және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша сөз сөйледі. Отырыс аяғында қорытынды шығарылып, барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар  берілді.

Жарқайың ауданы

Әділет басқармасы