-A A +A

Зеренді ауданының Әділет басқармасымен «Кәсіпорындарды ашу» индикаторлары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

        10 қараша 2017 жылы Зеренді ауданының әділет басқармасы   аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өкілінің қатысуымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМҚ Зеренді ауданы филиалының басшысы және  қызметкерлері арасында  «Doing Business» Дүниежүзілік Банктің рейтингiндегi «Кәсіпорындарды ашу» индикаторлары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

         Іс-шара барысында «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту жөніндегі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, еліміздің бизнес-климатын жақсарту мақсатында, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және «Doing Business» Дүниежүзілік Банктің рейтингтеріндегі Қазақстан ұстанымын жақсартудағы Әділет органдарының рөлі атап өтілді.

       Дөңгелек үстелдің қатысушыларына заңнамаларды реформалау жөнінде, соның ішінде бизнесті құру (кәсіпорынды ашу) процедураларын жеңілдету, рұхсаттама жүйелерін жетілдіру бағытында ақпарат берілді.

 

 

Зеренді аудандық

Әділет  басқармасы