-A A +A

Заңды тұлғаны тіркеу желісі бойынша «Doing Business» рейтингісіндегі индикатор» тақырыбындағы семинар.

     2017 жылдың 12 шілде күні Зеренді аудандық әділет басқармасымен «Doing Business» заңды тұлғаның тіркеу туралы рейтингтері индикаторы» тақырыбында семинар өткізілді, аталмыш жиынға қатысқандар: Зеренді ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім  басшысы-К-Дуспаев және Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМҚ Зеренді ауданы филиалының басшысы мен  қызметкерлері  және «Зеренді аудандық кәсіпкерлік бөлімі» КММ қызметкерлері.

    Аталған семинардың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту және өркендету үшін ашықтық және тиімділік қағидаларына негіздерді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылатынын айта кетті.

   Семинар қорытындысы бойынша халықтың арасында түсіндіру- насихат жұмыстарын күшейту бойынша шешімі қабылданды.

 

Зеренді аудандық

Әділет басқармасы