-A A +A

Тауар шығарылған жердің атауын тіркеу

Сауда нысан өнеркәсіптік меншіктің тауар таңбасымен қатар тағы бір объектісі тауар шығарылған жердің атауы болып табылады.

Тауар шығарылған жердің атауы зияткерлік меншіктің ерекше объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»  заңнамасына (ары қарай - Заң) сәйкес - тауар шығарылған жердiң атауы – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.

Тауардың шыққан жерінің атауы әрқашан белгілі бір географиялық объектіні көрсетеді, себебі ол нақты географиялық объектімен біртұтас. Тауар өндірісін бір географиялық объектіден  басқасына көшіру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының аумағында «Сарыағаш» сияқты минералды суына арналған тауар шығарылған жердің атауы тіркелген. Сонымен қатар ҚР ең танымал географиялық тауар шығарылған жердің атауы болып «Ақсайская», «Алма-атинская», «Шалқар», «Тамерлан» «Ақ-жайық» минералды сулары, «Қасқақ» шипалы балшығы және т.б.

Сондай-ақ Мемлекеттік тізілімде басқа елдерде орналасқан объектілер тіркелген. Оларға «Будейовицкое пиво - Будвар» чех сырасы және спиртті сусын «Карловарска Хорка», «Пармезан», «Горгонзола» ірімшіктері, «Ессентуки», «Боржоми», «Набеглави», «Саирме», «КАРАЧИНСКАЯ» минералды сусындары, 18 тіркелген атаулар орны шығу тегі грузин шарабы Цинандили, Киндзмараули, Гурджаани, Хванчкара және басқа да болып табылады.

Тауар таңбаларынан айырмашылығы, тіркелген тауар шыққан жердің атауын пайдалану құқығын бірінші өтінім берген тұлға ғана емес, сонымен қатар басқа да адамдардың қолдануға құқықлары бар.

Шын мәнінде, бірінші өтініш беруші өнімнің параметрлер сапасын белгілейді және ол Мемлекеттік тізілімде тіркеледі. Тіркелген тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға тілек білдірген тұлға, өзінің өнімінің сапасын қазірдің өзінде тіркелген параметрлермен  қамтамасыз етуі тиіс.

Тауар шығарылған жердің атауын тіркеу үшін және тауар шығарылған жердің атауын қолдануға құқық беру үшін Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «ұлттық зияткерлік меншік институты» (ары қарай – «ҰЗМИ») сараптама ұйымына өтінім беру қажет. Өтiнiм берiлген күннен бастап алты ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында оның заңнамаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.

Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге арналған өтінімнің жасау, рәсімдеу және қарау тәртібінің ережелерімен «ҰЗМИ» РМК сайтында www.kazpatent.kzтанысуға болады. Нақтырақ, «Өтініш берушілерге» бөліміндегі  «Тауар шығарылған жердің атауы» немесе «Құқықтық база» бөліміндегі «Бұйрықтар және ережелер», сонымен қатар төмендегі байланыстар бойынша:

  1. Call-center 8-7172-74-96-60.
  2. Тауартаңбаларынжәнеөнеркәсіптікүлгілердіалдын-ала сараптаубасқармасы8-7172-74-90-65.
  3. Тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасы 8-7172-74-90-15.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында өтiнiш берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.

             Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.

            Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдер тізілімі Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің www.adilet.gov.kzсайтында, «Министрлік туралы» бөліміндегі, «Қызмет», «Зияткерлік меншік құқығы», «ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілдер» орналастырылған.

            Тіркелген тауар шығарылған жердің атауы Мемлекеттік тіркеу тізілімі  тауар шығарылған жердің атауы Мемлекеттік тіркеу тізілімінде көрсетілген («ҰЗМИ» РМК сайтында www.kazpatent.kz «ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерінің Мемлекеттік тіркеу тізілімі» бөлімінде).

 

 

 

 

Зияткерлік меншік құқықтары                   

бөлімінің басшысы                                                                   С.Сайдалин