-A A +A

Сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің орындалу мәселелері дөңгелек үстел өткізілді

Алименттік іс жүргізулер бойынша борышкерлерді жұмыспен қамтуда бірлесіп іс-қимыл көрсету бойынша тиімді жүйені құру, жұмыспен қамтуды қажет ететіндерді есепке алу және жұмыспен қамтылудан жалтаратын борышкерлерді анықтау мәселелері Әділет департаменті, прокуратура, Халықты жұмыспен қамту орталығы және Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жылдың 22 маусымында  өткен дөнгелек үстелде талқылау мәселесіне айналды.

Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізулерді қамтамасыз ету бойынша басқармасының басшысы  М.М. Байгужина «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, алименттерді өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер әлеуметтік маңызыдыларға жататыны айтып өтті.

Үш айдан астам алименттерді төлемей жатқан борышкерлерге сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

          Бүгінгі күнде, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының орындауында 10 000 астам алименттерді өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер  бар.        Сот орындаушыларымен алименттерді өндіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін  облыстың 170 борышкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін, ҚР ҚК 139 бабы бойынша  9 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі Д.С. Бекишев «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» Жобасын жүзеге асыру және Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру аясында «Үш айдан астам алименттер бойынша қарызы бар тұлғаларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзара іс-қимылының тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұрығы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тарапынан жұмыспен қамтылуды қажет ететін борышкерлерге бірінші кезекте және екі бос жұмыс орнынан кем болмайтын көмек көрсетіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар жұмыс кезіндегі өзара іс-қимылды және бірлескен іс-әрекеттердің алгоритмін талқылады.

Сот актілерінің  және атқарушылық іс жүргізудің орындалу мәселелері бойынша 119 телефоны бойынша (қоңырау шалу Қазақстан бойынша қалалық телефондардан тегін) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Колл-центріне немесе Ақмола облысы Әділет департаментінің – 8(7162) 55-10-05 телефонына хабарласуыңызға болады.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі