-A A +A

«Шығамыз, кездесеміз, шешеміз» акциясы

2017 жылы 05 қазан Еңбекшілдер   ауылдық тұрғылықты жерлерде заңнаманың  ережелерін халыққа түсіндіру мақсатында   «Шығамыз, кездесеміз, шешеміз» акциясы аясында Ақмола облысы әкімдігінің "Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектеріне арналған Макинск медициналық - әлеуметтік мекемесі" КММ-де болып  қарттар күнімен құтықтап,  құқықтық көмек көрсетіп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын   жүргізіп, мемлекеттік бағдарламар жайында мәлімет берілді. Атап айтқанда,  қарттар мен мүгедектерге   құқықтық мәдениетін арттырып және  консультативті көмек көрсетілді.

Акцияға  аудан     прокуроры  Кабдушев А.А., әділет басқармасының басшысы Шаужанова М.М.,   Жомартов О.У.- Енбекшілдер аудандық «Нұр Отан» партиясы   филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

ММӘ тұрғындары  сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

Еңбекшілдер аудандық

Әділет басқармасы