-A A +A

Отбасы күні

Мемлекет басшысының «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тапсырмаларының бірінде отбасының, отбасылық тәрбиенің басымдылығы, аналық және балалық шақты қорғау принципі болып табылады. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Перзидентінің жарлығымен бекітілген  қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып аталады. Республика бойынша отбасы имиджін сақтау және арттыру бойынша ведомство аралық комиссиялар жұмыс істейді, АХАЖ органдары отбасы мәртебесін арттыру мақсатында іс-шаралар жүргізуде: аудандық және қалалық орталықтарда «Жас отбасы» клубтары ашылды, клуб отырыстарына жастар, психологтар, медицина мамандары, құрметті азаматтар, үлгілі отбасылар, қоғам, БАҚ, рухани өкілдері қатысады.

Отбасы күніне жастардың қатысуымен салтанатты түрде іс-шаралар ұйымдастырылды, мысалы, Бурабай  ауданыда  «алтын», «күміс» той иелеріне құрмет көрсетілді, Атбасар ауданында ұрпақтар кездесуі ұйымдастырылды, Аршалы ауданында жаңа туған нәрестелерге Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы құжаты – туу туралы  куәлігі табыс етілді. 2017 жылдың 01.09 облыс бойынша 7532  нәресте дүниеге келді, олардың 3881 ер бала, 3651 қыз бала.                                            Ең жиі кездесетін ер балалардың есімдері -   Максим, Артём, Әлихан, Роман, Богдан, Әмір,  Ерасыл, қыз балаларды әлі де– София, Айзере, Айлин, Айару, Дарья, Әмина, Полина деп жиірек атайды. 3426 неке қиылды (ерлі-зайыптылық) немесе өткен жылмен салыстырғанда 7%  көп.                                    

Шетел азаматтырмен 148 неке тіркелді немесе 2016 жылмен салыстырғанда 10% кем.

Ақмола облысының

Әділет департаменті