-A A +A

Меншік құқықтарын тіркеуін оңайлату бойынша өзгерістер

        «Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингісінде «Меншік құқығын тіркеу» индикаторы бойыншаҚазақстанның позициясын жақсартужөнінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен тіркеу тәртібін оңайлату бойынша тұрақты негізде шаралар  қолданды.

          Осылайша, «Казакстан Республикасынын кейбір заннамалык актілеріне азаматтық‚ банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына (бұданәрі-Заң) түзетулер енгізілді.

       Заңды іске асыру шеңберінде бірқатар нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде «Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  2017  жылғы 27 сәуірдегі №491 бұйрығы және «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы №156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 491 бұйрығы әзірленіп, қабылданды.

Аталған түзетулер ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардыңқұрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау рәсімін алып тастауды көздейді және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартуға‚ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету механизмін жеңілдетуге бағытталған.

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаменті

баспасөз қызметі