-A A +A

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Ел тәуелсіздігінің басты белгісі – оның мемлекеттік тілі. Мәртебесі Ата Заңымызда, яғни Конституцияда бекітілген мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел саясатының басты стратегиялық басымдығы болып табылады.Тіл туралы саясатты жүзеге асыру мақсатында елімізде көптеген жұмыстар атқаралып келеді.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Тілдер туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізуді реттейтін басқа да нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алуы тиіс.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен дамыту әр азаматтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің мәртебесі де өркендей береді деп сеніммен айта аламыз.

Ақмола облысы

Әділет Департаментінің

жетекші маманы

А. Сабирова