-A A +A

ЛАТЫН ТІЛІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Егіндікөл ауданының тілдерді оқыту орталығында қазақ тілінен латын кестесіне ауысу сұрақтары туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Әділет басқармасының басшысы А. Жахиенова, ауданның мемлекеттік органының басшылары, мектеп және колледж оқытушылары, және  студенттері қатысты. Талқылау барысында латын тіліне көшудің пайдасы, пікірлер, дәлелдер айтылды. Қазірдің өзінде латын графикасына көшуді студенттік жастар оң қабылдады. Сондай – ақ қатысушыларға Қазақстанда көптілдікті дамыту маңызды қадам латын графикасын енгізу рөлін атап өтті.

                                                                                                                                Егіндікөл аудандық Әділет басқармасы