-A A +A

Құқықтық көмек мемлекетпен кепілдендірілген

Біздің еліміздің әрбір азаматы оның қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары Конституциямен қамтамасыз етілгендігін және кепілдендірілгенін оған ешкімнің де қысым көрсетуге құқығы жоқ екендігін біледі. Яғни Ата Заңымыздың 13 бабына сәйкес әрбір азамат білікті құқықтық көмек алуға ал заңмен қарастырылған жағдайларда оған тегін көрсетілуіне құқылы.

Көптеген азаматтар мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмекке кімдер жатады деген сұрақ туындайтынын анық. «Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек туралы» заңға сәйкес құқықтық көмек Қазақстан Республикасының «Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек туралы» заңы және басқа да заңнамалық актілермен бекітілген тәртіпте және жағдайларда нотариустармен, адвокаттармен, жеке сот орындаушыларымен құқықтық кеңес беру түрінде, адвокаттармен соттарда, қылмыстық тергеу органдарында, басқа да мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету және қорғау түрінде көрсетіледі.

Әділет департаментіне адвокаттар мен нотариустардың көмектеріне мұқтаж бірақ тегін құқықтық көмек алуға құқылы екендігін және кімге жүгіну қажеттігін білмейтін азаматтар жиі келіп жатады. Аталған азаматтарға департамент қызметкерлерімен түсініктеме беріліп, сонымен қатар құқықтық көмек ұсыну және кеңес беру үшін адвокат немесе нотариус тағайындалады. Ұлы Отан соғысының ардагері немесе оған теңестірілген тұлғаларға, шұғыл әскери қызметшілерге, І және ІІ топ мүгедектеріне және жасы бойынша зейнеткерлерге адвокаттармен және нотариустармен құқықтық көмек тегін көрсетіледі.

Осы жылдың, 9588 адам оның ішінде қаражаты жоқ 9109  адам, 150 мүгедек, 146 зейнеткер, және 142 кәмелет жасына толмағандар тегін құқықтық көмек алды.

Облысымыздың халқына ыңғайлы болуы үшін әділет департаментімен Ақмола облысының жеке нотариустарының, адвокаттар алқасы мен жеке сот орындаушыларының құқықтық кеңестерінің байланыс телефондары және мекенжайлары жазылған интерактивті картасы жасалған.

Интерактивті карталардың арқасында кез-келген кеңсені көрнекі түрде көріп өзіңізге жақын жердегісін таңдауға әбден болады. Карталармен департаменттің www.akm.adilet.gov.kz ресми сайтында және ақпарат агенттіктерінде танысуға болады.

Сонымен қатар облыс аумағында нотариалды палата (Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 54, тел. 8(7162) 25-15-34) және адвокаттар алқасы (Көкшетау қ., Тәшенов көшесі 47, тел. 8(7162)32-31-13) әрекет етеді оған да азаматтар құқықтық көмек алу үшін жүгіне алады.

Ақмола облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі