-A A +A

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну бойынша семинар өткізілді.

Ақмола облысының Әділет департаментімен Ақмола облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының заң қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну бойынша семинар өткізілді. Осы семинардың мақсаты – әртүрлі сала бойынша нормашығармашылық заңдылығының мүлтіксіз сақталуы, қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді талқылау.

Осы семинар екі кезеңнен тұрды және сұрақ- жауап мәнерінде өткізілді.

Бірінші кезеңде мемлекеттік органдардың басқарма, бөлім басшылары өздері жетекшілік ететін қызмет саласына қатысты заңнамаларды түсіндіру бойынша сөз сөйледі. Мысалға алатын болсақ, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысымен ауылдық округ бюджетінің төртінші деңгейін қабылдауға қатысты бюджеттік заңнаманың негізгі қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ, семинарда әлеуметтік қамсыздандыру, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да әлеуметтік маңызды салалар бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды жақсарту мәселелеріне қатысты түрлі өзекті мәселелер талқыланып, оларға жауапты тұлғалармен жан-жақты, толық жауаптар берілді.

Семинардың екінші кезеңінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының негізгі қағидаларыталқыланды.

Іс-шараны қорытындылай келе, семинарға қатысушыларға нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәртібін сақтау, нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы, орфографиялыққателерді жібермеу, барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін сапалы орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

НҚАТ бөлімі