-A A +A

ҚР мемлекеттік қызметшілердің этика қағидалары және сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша дөңгелек үстел

ҚР мемлекеттік қызметшілердің этика қағидалары және сыбайлас жемқорлықты  алдын алу бойынша дөңгелек үстел

            Егіндікөл аудандық  Әділет басқармасы 2017 жылдың 10 шілдеде ауыл және ауыл округтерінің әкімдері, аудан қызметінің басшыларының  қатысуымен ҚР мемлекеттік қызмет,  қызметтік этика қағидалары және сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

         «Дөңгелек үстел» барысында Әділет басқармасының басшысы А.Жахиенова  мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет атқару кезінде қызметтік этика қағидаларын ұстануы, сырт келбеттің қарапайым, әрі ұқыпты болуы, жалған ақпараттарды таратуға кез келген қимылды болдырмау, мемлекеттік меншіктің сақталуын  қамтамасыз ету әрекеттері бойынша түсінік беріліп, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану керектігі айтылды.

         «Дөңгелек үстел» соңында  қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Егіндікөл аудандық әділет басқармасы