-A A +A

Қорғалжын ауданының Әділет басқармасымен «Адвокаттың қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

      2017 жылдың 18 қазанында Қорғалжын ауданының Әділет басқармасымен «Адвокаттың қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңының жобасын талқылау бойынша басқарма басшысы С.М.Саутованың төрағалығымен  дөңгелек үстел өткізілді.

      Іс-шараға мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындардың заңгерлері және құқықтық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстел өткізу барысында төрағалық етуші заң жобасының негізгі нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қатысуышылардың барлығына жоғарыдағы заң жобасы шеңберінде қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

Қорғалжын аудандық

Әділет басқармасы