-A A +A

«Этномәдени орталықтар ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретінде» тақырыбында дөңгелек

     Қазақстандағы медиация институтын дамыту мақсатында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі Әділет департаментімен бірлесіп а.ж. 16 қазанында «Этномәдени орталықтар ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретінде» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

       Дөңгелек үстел жұмысында этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптық тобының өкілдері, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің  және Ақмола облыстық Қазақстан  халқы Ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің мүшелері, ЖОО-ның өкілдері, Ақмола облысының медиаторлары мен БАҚ қатысты.

      Іс-шараның барысында Қазақстандағы медиация институтының нормативтік-құқықтық негіздері, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестігінің негізгі тетіктері түсіндірілді сонымен қатар, қатысушылар ұлтаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибелері талқыланды.

 

 

 

Ақмола облысының

Әділет департаменті