-A A +A

«EHKI» ЖШС-де «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

            Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «EHKI» ЖШС-де Ақмола облысы Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясы филиалымен, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасымен  бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты- ДЭФБҚЖИ рейтингісіндегі ұстанымды жақсарту, «Адвокаттық қызмет  және құқықтық көмек туралы», сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәртібі түсіндірілді.

            Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, атқарушы өндірісі, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын  мүлікті реттеу мезімі, нотариалдық қызмет, жылжымайтын мүлік құқықтарын электрондық тіркеу, адвокаттық мәселелер бойынша қызықтыратын сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

          ЖШС-нің ұжымына талқыланып жатқан «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» негізгі ережелері туралы түсініктер берілді. Түсінік беру барысында Заң жобасының негізгі мақсаты болып- әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құқықтық білімі мен тәжірбиесін қолдана отыра заң көмегін көрсету түсіндірілді. 

           ЖШС-нің жұмысшылары кездесу соңында Әділет департаментіне  көрсетілген құқықтық және әлеуметтік көмектері үшін алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

 баспасөз қызметі