-A A +A

Дөңгелек үстел өткізілді

16.06.2017ж. Еңбекшілдер аудандық  сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеу»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға аудан прокурорының орынбасары,   аудандық ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының, төтенше жағдайлар бөлімінің, ауданының тұтынаушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің өкілдері қатысты.

Аталған дөңгелек үстелді өткізудегі негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды  дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.

Сот төрайымы Гүлмира Анарбекова  аталған тақырыпта баяндама оқыды. «Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің тәжірибесі көрсеткендей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға құқылы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды адамдарымен әкімшілік хаттама Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 803-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай жасақталмауы салдарынан, әкімшілік істер негізсіз қозғалған болып есептеліп, іс өндірісімен тоқтатылады

Шара барысында жауапқа тартылған тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтырмауы және құжатты толық рәсімдемеуі салдарынан сотта қарау кезінде қиындық туғызатын  мәселелер жан-жақты талқыланды. 

Дөнгелек үстелге қатысушылар тарапынан істерді рәсімдеу барысындағы атқарылатын жұмысты жақсарту бағытында ұсыныстар айтылды.

Еңбекшілдер аудандық әділет басқармасы