-A A +A

Әділет департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді

2017 жылғы 30 қарашада Әділет департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді.

Салтанатты жиналыста алғаш рет әкімшілік мемлекеттік қызметке түскен қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау және ӘД қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында әділет органдарының құрылымдық бөлімшелері арасында спорттық іс- шаралар  өткізілді, іс -шара қорытындылары бойынша мақтау қағаздары мен кубоктар табыс етілді.

Аталған іс- шара  ҚР Президенті туралы фильм көрсетілуімен аяқталды.