-A A +A

Депутатар және қоғамадық кеңес мүшелері заң жобасын талқылауда

        «Адвокаттық  қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын  талқылау  мақсатымен  Есіл ауданының маслихатының хатшысы С. Ағымбаеваның  төрағалығымен маслихат  депутаттары, мемлекеттік, құқыққорғау   және сот органдары, қоғамдық кеңес, үкіметтікемес  ұйымдар, бизнес қауымдастығы  өкілдерінің   қатысуымен     ағымды  жылдың 17 қазанда жиналыс өтті.

        Есіл ауданы Әділет басқармасының басшысы  К.Абдуахитова аталған заң жобалары туралы сөз сөйледі. Есіл ауданының судьясы Б.Сальдина, заң кеңесінің меңгерушсісі З.Жакупова жиналысқа  қатысып, заң мүдделері мен азаматтардың құқықтарының, құқықтық саласындағы пәрменді қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған заң екендігін  атап өтті

      Қойылған сұрақтарға  толыққанды    жауап  берілді.

 

Есіл ауданының

Әділет басқармасы