-A A +A

Балаларға қамқорлық

     Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Сандықтау селосындағы №3  жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған  балалар үйінде болды.

      Балалар үйінің директоры балалар үйіндегі балалардың  тұрмыс жағдайымен таныстарып, түлектерге арналған арнайы бұрышын көрсетті. Басшының айтуынша, балалар үйін бітіріп шыққан түлектері мамандық алғаннан  кейін,  тәрбиеші және оқытушы болып қызмет жасау  үшін  өздері өсіп тәрбиеленген балалар үйіне қайта оралады екен.

       Департамент қызметкерлері балалар үйінің тәрбиелеушілерін Жаңа жылдарымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

     Балалар үйінің директоры көңіл бөлгендері үшін алғысын білдіріп, Департаментке алғыс хатын табыс етті.

 

 

Ақмола облысының

Әділет департаменті