-A A +A

Ақмола облысының Әділет департаменті үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

2017 жылғы 27 қыркүйекте Департамент Ақмола облысы әділет органдарының үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

Отырыста жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының басшысы Ж.Абулкасымованың алименттерді, есеп кезеңіндегі берешектерді өндіру мәселесі бойынша жеке сот орындаушыларының атқарылған жұмысы туралы, сонымен қатар, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Г.Ибраеваның азаматтардың білікті заң көмегін алу бойынша жүргізілген жұмысы туралы есептері тыңдалды.  

Сонымен қатар, сот сараптамасының әртүрлі түрлерін белгілеу және жүргізумен байланысты мәселелі сұрақтары талқыланды.

Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі – «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау болды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері аталған заң жобасын мақұлдады.

 

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі