-A A +A

Ақмола облысының Әділет департаменті «Ашық қызмет» интернет-конференциясына қатысты

           ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ғимаратында ағымдағы жылдың 27 маусымы Ақмола облысы Әділет департаментінің және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен «Ашық қызмет» интернет-конференциясы өткізілді.

           Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметке деген тұрғындардың сенімін нығайту, оның ашықтығын арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын әрі қарай жетілдіру болып табылды.

           Интернет-конференция барысында әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері, тегін заң көмегін көрсету мәселесі бойынша, сонымен қатар атқарушылық өндіріске қатысты сұрақтар келіп түсті. Әділет органдарының құзыретіне кіретін барлық сұрақтарға Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Әкімова жауап берді.

 

 

Ақмола облысы

әділет департаментінің

баспасөз қызметі