-A A +A

Ақмола облысы Әділет департаментімен «Гормолзавод» ЖШС-да «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

    Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Әділет департаментімен «Гормолзавод»ЖШС -да «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

     Аталған шараның мақсаты - ҚР заңдылықтарындағы өзгерістер туралы ақпараттандыру, көтерілген мәселелер бойынша кеңестік және кұқықтық көмек көрсету, ДЭФБҚЖИ рейтингісіндегі ұстанымды жақсарту, «Адвокаттық қызмет  және құқықтық көмек туралы» жан-жақты түсіндіру болып табылады.

        Әділет департаментінің қызметкерлерімен көтерілген мәселелері бойынша атқарушы өндірісі, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын  мүлікті реттеу мерімі, оларды  электрондық тіркеу, нотариалдық қызмет, адвокаттық мәселелер бойынша қызықтыратын сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

        Акция барысында азаматтарға адвокаттық және нотариаттық қызыметтерімен айналысуға  үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу және медиативтік келісім бойынша және  даулар мәселелерін шешу бойынша жадынамалар табыс етілді. 

      Шараға қатысушылар көрсетіліген құқықтық және әлеуметтік көмектері үшін алғыстарын білдірді.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің баспасөз қызметі