-A A +A

Ақмола облысы Әділет департаментімен Денсаулық сақтау басқармасымен «Ақсай нан» ЖШС-да «Әділет кеңес береді » акциясы өткізілді.

      Ағымдағы жылдың 26 қазанында Әділет департаментімен Ақмола облысыныі денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жеке адвокаттар мен нотариустарының қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырып өткізді.

      Аталған шараның мақсаты болып - Қазақстандық ЖБҚ БЭФ –гі кеңейтілген  позициясын түсіндіру, «Адвокаттық  қызмет және заңдық көмек туралы» сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәртіптері түсіндіріді.

      Тексеріс барысында әлеуметтік міндетті сақтандыру бойынша, атқарушы өндірісі, азаматтық хал актілерін тіркеу және жылжымайтын мүлік ті тіркеу тәртібі мен  адвокатура бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

      ЖШС-ның қызметкерлеріне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» талқыланып жатқан заң жобасының  негізгің ережелері түсіндірілді. Түсіндіру барысында қабылданғалы жатқан заң жобасының негізгі мақсаты  әрбір азаматтың білікті заң көмегін алу конситутциялық құқығын жүзеге асыру болып табылатын  негізгі новеллаларына тоқталып өтті.

Кездесу барысының соңында ЖШС-нің жұмысшылары Әділет департаментіне құқықтық көмек көрсеткендіктері үшін алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің баспасөз қызметі