-A A +A

Ақкөл ауданы Әділет басқармасымен «Әділет органдары кеңес береді» акциясы өтті.

«Әділет кеңес береді»  Республикалық акциясы шеңберінде ағымдағы  22 қыркүйекте Ақкөл ауданы Әділет басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен және «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бөлімдерімен бірлесіп  азаматтарды қабылдау жүргізілді.

 Аудан тұрғындары  жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және атқару өндірісі бойынша қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар,   Әділет басқармасының мамандары электронды түрде жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша  EGOV-электронды қызмет порталын қолдану бойынша түсіндірді.

Ақмола облысы

Ақкөл ауданының

Әділет басқармасы