-A A +A

1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін «Балаңы есіңе ал – алименттерді төле» науқаны басталды.

2017 жылдың 1 шілдесінен 31 шілдесіне дейін Әділет департаментінің бастамасымен «Балаңы есіңе ал – алименттерді төле» науқаны басталды.

Науқанның мақсаты алименттік төлемдерді өндіру бойынша жұмысты белсеңдетуге, алименттерді төлемеу мәселесіне қоғам жағынан  шыдамаушылықты көрсетуге және жосықсыз ата-аналардың уақытылы және өз еркімен балаларына алименттерді төлеуге  құлшынысын арттыруға бағытталған.

Іс-шара Бас прокуратураның «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» Жобасы аясында өтуде.

Ақмола облысының мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында 6 000 мыңға жуық, жеке сот орындаушыларының орындауында 3 000 жуық алименттерді өндіру бойынша құжаттары бар.

Атқарушылық іс жүргізулерді қамтамасыз ету бойынша басқармасының басшысы М.М. Байгужина борышкерлердің біразы өзінің табысын, тұрып жатқан орнын жасыру  арқылы алименттер бойынша міндеттерінен  үнемі жалтарып жүргенін айтып өтті.

Алименттерді өндіру бойынша сот шешімін орындамағаны үшін а.ж. бірінші жартыжылында  147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алименттік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін алты борышкер ҚР ҚК 139 бабы бойынша облыс соттарының үкімімен кінәлі болып танылды.

Сот орындаушылары халықты жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп, борышкерлерді жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргізуде. Осылай, 2017 жылдың 07 маусымындағы ҚР Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлерінің «Үш айдан астам алименттер бойынша қарызы бар тұлғаларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзара іс-қимылының тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, жұмыспен қамтылуды қажет ететін борышкерлер тұрғылықты жері бойынша екі бос жұмыс орнынан кем болмайтын таңдау беру арқылы көмек көрсететін халықты жұмыспен қамту органдарына  жүгіне алады.

Сот актілерінің  және атқарушылық іс жүргізудің орындалу мәселелері бойынша 119 телефоны бойынша (қоңырау шалу Қазақстан бойынша қалалық телефондардан тегін) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің     Колл-центріне немесе Ақмола облысы Әділет департаментінің – 8(7162) 55-10-05 телефонына хабарласуыңызға болады.

                                                                                                                         

                                                                                                                      Ақмола облысы

                                                                                                                     Әділет департаменті

                                                                                                                            баспасөз қызметі