-A A +A

Біздің ардагерлер

Әділет органдарының ардагерлері

 

Трищ Павел Станиславович – еңбек жолын 1970 жылдан бастады. 1994 жылдан бастап Көкшетау облысы әділет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2008 жылға дейін Ақмола облысының әділет департаменті бастығы қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтің үлкен тәжірибесіне ие бола отырып Павел Станиславович жас мамандардың тәлімгері болып табылады. ҚР Конституциясының 10 жылдығы, ҚР Парламентінің 10 жылдығы, ҚР  Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медальдарымен,  бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталды. Ұжымда  лайықты беделге ие, барлық қызметкерлердің құрметіне бөленген. 

 

Тенибекова Даметкен Сейтеновна – еңбек қызметі 1969 жылдан басталған. 1975 жылдан 1987 жылға дейін Жарқайың ауданы мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің нотариусы болып жұмыс істеді. 1987 жылдан 1988 жылға дейін Арқалық қаласының АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болды. Одан кейін ҚР әділет министрлігі департаментінің аға маманы, Ақмола облысы әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. 1999 жылдан 2010 жылдарға дейін – Ақмола облысы әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бастығы. ҚР әділет министрінің алғыс хаты және тағы да басқар марапаттары бар.  

 

Шутая Миниса Хашимовна еңбек жолы 1969 жылдан басталған. 1977 жылдан бастап Көкшетау облыстық атқару комитетінің АХАЖ бөлімінің мұрағатшы лауазымын атқарды.  1985 жылдан Көкшетау қаласы АХАЖ бөлімінің инспекторына ауыстырылып, ал 1989 жылдың қаңтарынан Көкшетау облысы әділет басқармасының кеңесшісі қызметін атқарды. Кейін Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасының аға маманы, Ақмола облысы әділет департаменті АХАЖ бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.  

 

Жанабаева  Алтын  Сопбековна - 1947 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Жұмай селосында туған. Білімі жоғары заңгерлік. 1999 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін АХАЖ жүйесінде қызмет атқарған.  

 

Еңбекшілдер ауданы әділет басқармасының басшысы: Шаужанова Марал Макишевна, әділет органдарында 1987 жылдың 30 қазанынан жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап әділет бөлімінің бастығы және 2005 жылдан - әділет басқармасының басшысы.

 

Еңбекшілдер ауданы әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің бас маманы: Анисимова Татьяна Анатольевна, әділет органдарында 1987 жылдың 13 тамызынан қызмет етеді. 2004 жылдан бастап - әділет бөлімінде 2005 жылдан бастап әділет басқармасында жұмыс істейді.

 

Абдуахитова Кымбат Токешевна- қалыптасқан сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Есіл ауданы әділет басқармасының басшысы, әділет органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан артық, оның еңбегі Есіл ауданында маңызды әрі қажетті мемлекеттік орган ретінде бағаланған, аудан әкімінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  10 жылдығы және 20 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы әділет министрінің құрмет грамотасымен, «Әділет органының құрметті қызметкері» төс белгілерімен» марапатталған.

 

Екатериненко Людмила Николаевна – әділет органдарындағы еңбек жолы 1970 жылдан басталған, 35 жыл қызмет атқарып зейнет демалысына шыққан.