-A A +A

Ереже

Қазақстан Республикасы

әділет министрлігі

жауапты хатшысының 2008 жылдың

14 мамырындағы №127

бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

«Ақмола облысының әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Облыстардың және Астана және Алматы қалаларының әділет Департаменттері (әріқарай - әділет департаменті) Қазақстан Республикасының әділет министрлігінің (әріқарай – министрлік) бірыңғай әділет органдары жүйесіне кіретін құрылымдық органдары болып табылады.
  2. Әділет Департаменті азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың мемлекеттік органдардың, жұмысының заңдылық режимін қолдайтын, өз құзыретін шеңберінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы билік органы болып табылады.
  3. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына,  Қазақстан Республикасының Президент мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.   
  4. Департамент бекітілген үлгідегі бланкісі, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар мөр және мөртаңбалары, сонымен қатар заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары  бар мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық формасындағы заңды тұлға болып табылады.

Әділет Департаменті азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.  

Әділет Департаменті заңнамаға сәйкес оған өкілетті болса мемлекет атынан түсуге құқылы.

  1. Әділет Департаментінің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы әділет министінің келісімінен кейін әділет министрлігінің жауапты хатшысымен бекітіледі.
  2. Әділет департаментінің заңды мекенжайы. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі 37.
  3. Әділет департаментінің толық атауы – «Ақмола облысының әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы Ереже әділет департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.
  5. Әділет Департаментінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет  арқылы жүзеге асырылады..

2. Әділет департаментінің міндеттері мен функциялары.

10.Әділет Департаментінің негізгі міндеттері болып табылады:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың жылжымайтын мүліктер мен келісімдерге құқығын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жергілікті өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімі мен оларды бақылауды жүзеге асыру;
  2. құқықтық насихатты қамтамасыз ету және заңды тұлғаларға құқықтық көмек пен заңды қызмет көрсетулерді ұйымдастыру;
  3. зияткерлік меншікті қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  4. мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық және діни сенім еркіндігі құқығын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  5. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік және  төлқұжат беру және құжаттаманы жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталатын тәртіпте азаматтарды тіркеу және тізімдеуді жүзеге асыру;
  7. әділет органдарымен берілетін аудандық және қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу және ресми құжаттарды аппостильдеу бөлімдеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  8. нормашығарушылық қызметті жүзеге асыру;

9) заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.

11. Әділет департаменті қолданыстағы заңнамаға және оған жүтелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің аймақтық бөлімін жүргізу, әкім мен әкімдіктің, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;

Әкімдіктер мен мәслихаттарда тіркеуге жатқызылатын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;

әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатқызылатын бірақ одан өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты  заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізу;

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабына сәйкес жариялануы міндетті олармен қолданылатын бірақ бекітілген тәртіпте жарияланбаған жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келетін әділет органдарын мемлекеттік тіркеуге жатқызылатын мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңының бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;

Мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізімін жалпылай ақпарат беру үшін жариялау;

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда өкілдіктер мен филиалдарды тізімдік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сонымен қатар заңды тұлғаларды, филиалдар тізімі мен өкілдіктерді бірыңғай мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

Заңды және жеке тұлғалардың сәйкестендендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдерін жүргізу;

Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу және олармен келісу құқығы;

Құқықтық кадастрды жүргізу;

Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы және олармен келісім туралы ақпараттық қызмет көрсету;

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

2) құқықтық насихат, заңды қызмет көрсету және құқықтық көмекті ұйымдастыру саласында:

Жеке нотариустың бос лауазымына орналасу үшін нотариалдық палатамен бірлесіп конкурстық іріктеу өткізу;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған резерв тұлғаларын қалыптастыру;

Нотариалдық әрекеттерді жасауға өкілетті аудандық мәндегі қалалар, кенттер, ауылдар (село) ауылдық (селолық) округтар) әкімі аппараттарының лауазымды тұлғаларын аттестаттаудан өткізу;

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңымен қарастырылған жағдайда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариалдық іс-тәжірибені қорытындылау;

Мемлекеттік нотариалдық кеңселерді ашу және тарату;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариалдық округтағы жеке нотариустардың қызмет аумағын анықтау;

Мемлекеттік нотариустардың қызметтік әрекеттеріне заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

Нотариалдық палатамен бірлесіп жеке нотариустардың әрекеттеріне заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға өтінімдер мен оларды беруді жүзеге асыру;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариалдық округта нотариус уақытша болмаған жағдайда нотариалдық әрекеттерді ұйымдастыру;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариустарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Нотариалдық қызмет жасайтын аудандық мәндегі қалалар, кенттер, ауылдар (село) ауылдық (селолық) округтар әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

Мемлекеттік және жеке нотариустардың қызмет аумағы туралы халыққа тұрақты ақпарат беру;

Жеке нотариустарды тізімдік тіркеуді жүргізу;

Нотариалдық палатамен бірлесіп нотариустың лицензиясы әрекетін аяқтау, айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгізу;

Нотариалды палатамен бірлесіп тиісті нотариалдық округта өз қызметін тоқтатқан нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариалдық мұрағатқа табыстау және жеке мөрін жою, сонымен қатар егер нотариустың лицензиясы әрекеті аяқталған жағдайда оны лицензиарға табыстау үшін лицензиясын тәркілеу бойынша шаралар қабылдау;

Нотариалдық палатаға жеке нотариусты жауапкершілікке тарту туралы нотариалдық палатаға ұсыныс енгізу;

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 16 бабының талаптарын жеке нотариустардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасаудан жалтарып жүрген және жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Респбуликасының басқа да заң талаптарын бұзған жеке нотариустарға шаралар қабылдау;

Аудандық мәндегі қалалар, кенттер, ауылдар (село) ауылдық (селолық) округтар әкімдері аппаратының лауазымды тұлғалары және мемлекеттік нотариустармен жасалған нотариалдық әрекеттердің заңдылығына және олардың іс жүргізу жағдайына бақылауды жүзеге асыру;

Нотариалдық палатамен бірлесіп министрлікке бекіту үшін нотариалдық округтағы нотариустардың саны туралы ұсыныс енгізу;

Нотариалдық палатамен бірлесіп жеке практикамен айналысатын нотариустардың іс жүргізу ережесін қадағалау және жасалатын нотариалдық әрекеттердің заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;

Адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасын бақылау;

Заңмен қарастырылған жағдайда министрлікке адвокатты лицензиясынан айыру туралы дауға бастамашылық туралы Министрлікке ұсыныс енгізеді;

Құжаттау, Қазақстан Республикасының азаматтарына сәйкестендіру нөмірлерімен жеке куәліктер және төлқұжаттар беру;

Азаматтарды тіркеу және тізімге алу;

Аттестаттау, азаматтық хал актілері жазбалары органдарын кадрларын орналастыру және іріктеу, құжаттау, олардың қызметінде бірыңғай практиканы енгізу;

Құжаттау, азаматтық хал актілері жазбалары органына әдістемелік басшылық ету;

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі әділет органдарынан және осы аумақтық нотариустарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;

Облыстар және Астана және Алматы қалалары әкімдері аппаратының құқықтық қызметтерімен өзара ықпалдастық жасау;

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру;

Құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңды түсіндіруге қатысу  .

3) зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету саласында:

Зияткерлік меншік саласында Қазақстан Республикасы заңын сақтау мәніне заңды және жеке тұлғаларды тексеруге жүзеге асыру;

Зияткерлік меншікті қорғау заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау;

4) діни сенім  бостандығын қамтамасыз ету саласында:

Діни бірлестіктермен қатынасты реттеу саласында облыстың жергілікті атқару органдарының (республикалық мәндегі қалалар, астаналар) қызметін үйлестіру;

Заңды тұлғалардың белгілері жоқ шағын діни топтар мен миссионерлер, діни бірлестіктердің тиісті әкімшілік бірлікте құрылған қызметті сараптау және  зерттеу;

Тиісті әкімшілік бірлікте әрекет ететін діни бірлестіктер туралы ақпараттық банктерді қалыптастыру;

Діни бірлестіктермен өзара ықпалдастық және  діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында ақпараттық-құқықтық насихат ісшараларын жүзеге асыру;

Діни сараптамалар өткізуді қамтамасыз ету;

Діни ғимараттар құрылысын салуға келісім;

Діни бірлестіктер және діни сенім бостандығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарастыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасыз бұзған заңды және жеке тұлғалардың оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу;

Діни бірлестіктермен құрылған заңды тұлғалар және діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу немесе тоқтату туралы талап арызды сот органдарына ұсыну;

Діни бірлестіктер және діни сенім бостандығы туралы заңнаманы мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, басқа да заңды және жеке тұлғалардың сақтауына бақылауды жүзеге асыру.

5)әкімшілік өндіріс саласында:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндірістерді жүзеге асыру.

12. әділет департаменті өзіне жүктелген міндеттер мен фнкцияларды жүзеге асыру кезінде заңнамамен бекітілген тәртіпте құқылы:

Заңнамамен бекітілген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

Қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру.

13.Әділет Департаментін Қазақстан Республикасы әділет министрімен келісім бойынша министрліктің жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалып және босатылатын басшы басқарады.

Департамент басшысы лауазымға Қазақстан Республикасы әділет министрінің келісімімен тағайындалып және босатылатын орынбасарлары болады..

14. Әділет Департаментінің басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға және және функцияларды жүзеге асыруға тікелей жауапкершілік артады және әділет департаментіне басшылықты жүзеге асырады.

15.Бұл мақсатта әділет департаментінің басшысы:

  1. әділет департаментінің құрылымдық бөлімдері мен өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  2. министрлік жауапты хатшысымен бекітілетін штаттық сан, заңнама және құрылымға сәйкес жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлердің еңбек қатынастары мәселесінен басқа әділет департаменті қызметкерлерін лауазымға тағайындап және босатады;
  3. Заңнамамен бекітілген тәртіпте еңбек қатынастары мәселесі жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа әділет департаментінің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартып және марапаттауға шаралар қабылдайды;
  4. өз құзыреті шеңберінде  бұйрықтар шығарып және ұсыныстар енгізеді;
  5. әділет департаментінің құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекітеді;
  6. өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда әділет департаментін ұсынады;
  7. заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. әділет департаментімен қабылданатын шешімдер басшы немесе оның орынбасарларымен рәсімделеді.

17. Әділет департаментінде әділет департаменті басшысы жанындағы кеңестік-жиналыс органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамы әділет департаментінің басшысымен бекітіледі.

Алқа төрағасы әділет департаментінің басшысы болып табылады.

18. әділет департаментінің қызметін ұйымдастырудың басқа мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімдердің құзыреті мен өкілеті әділет департаментінің ішкі қызмет регламентімен және оның құрылымдық бөлімдерінің ережелерімен бекітіледі.

4. Әділет департаментінің мүлкі

19.Департамент оқшауландырылған мүлікті жедел басқаруға құқылы.

Әділет департаментінің мүлкі оған мемлекетпен табысталған мүлік есебінен қалыптасып және негізгі және айналым қаржысы сонымен қатар құны теңгерімде көрсетілетін басқа да мүліктерден тұрады.

20.Әділет Департаментінің мүлкі республикалық меншіккке жатқызылады.

21. Әділет департаменті оған бекітілген мүлікті өздігінен меншіктеуге немесе басқа әдістермен оны пайдалануға құқығы жоқ.

Әділет департаментіне заңмен бекітілген шеңберде және жағдайда мүлікке иелік ету құқығы ұсынылуы мүмкін.  

5. Әділет департаментінің жойылуы және қайта құрылуы

22.Әділет департаментінің жойылуы және қайта құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.