-A A +A

Әділет департаментінің тарихы

Құрылған күннен бастап 90 жыл ішінде отандық әділет репрессия дүмпуіне, азаматтық және Ұлы Отан соғысы жалынына, құлдырау жылдарына, халық шаруашылығын қалпына келтіру, қайта құру салдарының тоқырауы мен күйініші кезеңдеріне төтеп беріп, қилы да қиын кезеңдерден өтті. Қазақ халқының көптеген жарқын ұлдары өз жүректерінің қалауымен кәсіби заңгер атанып, өз өмірлерін әділеттілік жолына арнады. Бұл жылдар әділет органдарының жұмысын ұйымдастыруда талмай жаңа әдістер іздену мен тынбай еңбек етуге толы болды.

Әділет органдарының кеңес үкіметі кеңістігі аумағындағы қалыптасу негізі сонау 1917 жылдардан РСФСР халықтық әділет комиссариаты құрылғанынан бастау алады. Одақтық республикаларда, соның ішінде Қазақ ССР-де халықтық әділет комиссариаттары құрылды.

Сол жылдары Көкшетау облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің әділет бөлімі аудандық (қалалық) халық соттарына ұйымдастырушылық басшылықты, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында құқықты насихаттау және заңнаманы түсіндіру жөніндегі қоғамдық ұйымдарға әдістемелік жетекшілік ету мен жұмысын үйлестіру, нотариаттар мен адвокатураға жетекшілік етуді жүзеге асырды.

Сол кездегі әділет бөлімінің басты міндеттері социалистік заңдылықты жан-жақты нығайту, мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, басқа органдармен бірлесіп қылмыспен күрес және басқа да құқық бұзушылықтарды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою бойынша қызметті жетілдіру болып табылады.

Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1988 жылғы 24 маусымдағы №305 қаулысы негізінде Көкшетау әділет бөлімі Көкшетау облыстық атқару комитетінің әділет басқармасына өзгертілді. Сондай-ақ, осы жылы әділет басқармасына облыстық АХАЖ бөлімі берілді.

ҚР Президентінің 03.05.1997 ж. №3483 «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру бойынша бұдан арғы шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Көкшетау облысының әділет басқармасы Көкшетау облысын қысқартуға байланысты Солтүстік-Қазақстан облысының Әділет басқармасы болып қайта аталды.

ҚР Президентінің 08.04.1999ж. №114 «Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарындағы әкімшілік-аумақтық құрылыстағы өзгерістер туралы» Жарлығына сәйкес Ақмола облысы шекарасының өзгеруіне және Ақмола облысының әкімшілік орталығын Астана қаласынан Көкшетау қаласына ауыстыруға байланысты Ақмола облысының Әділет басқармасы Астана қаласының Әділет басқармасын қайта құру жолы арқылы құрылды.

ҚР Үкіметінің 31.12.2003ж. №1369 «Қр Әділет министрлігінің аймақтық органдары мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» қаулысына сәйкес Ақмола облысының әділет басқармасы Ақмола облысының Әділет

департаменті болып қайта аталды. Қазіргі уақытта оның жүйесінде 19 қалалық, аудандық әділет басқармалары бар.

Сонымен қатар, Әділет департаменті әділет органдарының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді: Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті, Жылжымайтын мүлік орталығы, Құқықтық ақпарат орталығы, сот сараптама орталығы, сонымен қатар Нотариалды палата мен Адвокаттар алқасының және Бағалаушылар палатасына бақылау жүргізеді және әдістемелік жеткешілік етеді.