-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

 

Сейфулина Бота Адильбаевна – азаматтық хал актілерді тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы. Білімі жоғары заңгерлік. Әділет органдарында 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. 2012 жылдың ақпанынан бөлім басшысы.

Азаматтық хал актілерді тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсету саласында келесі функцияларды жүзеге асырады, атап айтқанда:   азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік беру, түрлі анықтамалар беру (№4 формасындағы анықтамалар, некеге құқыққа қабілеттілігі, акт жазбаларының жоқтығы туралы, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы акт жазбаларын АХАЖ бөлімінің мұрағатында барлығын растау). Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да мемлекеттерден түсетін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлеріне қайтадан куәлік беру және жөнелту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау. Гаага конференциясы бойынша Қазақстан Республикасы территориясы шеңберінде қолдану үшін арналған құжаттарды апостильдеу бойынша нотариустардың, АХАЖ бөлімдері мен қызметтерінің, аумақтық әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және күшін жою, азаматтық хал актілері жазбаларын толықтыру, түзету, өзгерістер енгізу, тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру бойынша әділет басқармаларының АХАЖ бөлімдері мен қызметтерімен бағытталған материалдарды қарастырады.

Департаменттің АХАЖ бөлімінде 1936 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықтағы Ақмола облысының барлық аудандарын қосқанда азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағат кітаптары бар.

Әділет департаментінің АХАЖ бөліміне жүгінген жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттар яғни жеке куәлік немесе төлқұжат құжаттары болуы қажет.

Азаматтарды қабылдау күндері: жұмыс күндері 9-00-ден сағаттан 13-00-ге дейін, 14.30-дан 18.30-ға дейін.