-A A +A

Ақмола облысының жылжымайтын мүлік орталығы

Калманбаев Кайрат Жаныбаевич – «ҚР ӘМ тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Ақмола облысының жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК директоры

Байланыс телефоны: 25-15-05; 25-36-25.

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (әріқарай – кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ақмола облысы бойынша қаулысына сәйкес құрылған және оның құқықтарын және міндеттерін орындау мұрагері болып табылады.  Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъект функциясын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүзеге асырады. Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР азаматтық кодексін, 1995 жылдың 19 маусымындағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1998 жылдың 30 маусымындағы «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы», 2007 жылдың 26 шілдесіндегі «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқығы және онымен мәміле жасау  туралы»,   ҚР заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.  Кәсіпорынның қызметінің мақсаты мен негізгі мәні жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және онымен мәміле жасау мақсаты үшін оларды құрайтын және (немесе)   ғимараттар, құрылыстарды мемлекеттік техникалық тексеру, сонымен қатар жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу болып табылады.

Біздің қызметтер:

  1. Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша оларды құрайтын және (немесе) ғимараттар, құрылыстарды алғашқы және әріқарай тексеру (техникалық түгендеу және есептеу), сонымен қатар жылжымайтын мүлік нысандарына алғашқы және қайтадан кадастрлы нөмірлерді беру.   
  2. Жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық құжаттарды әзірлеу..
  3. Құқықтық кадастрді жүргізу үшін қажетті жылжымайтын мүлік нысанының техникалық сипаттамасын анықтау
  4. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепіл тіркеуді жүзеге асыру.
  5. Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызмет көрсету.
  6. Кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын жеке тұлғалардың салық салу нысандарын бағалау.